ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 қазан 2016 20:49
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Әнуар Ахметжанов Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2016 жылы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Президенттің Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу