ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

?Р ?кіметіні? ?аулысымен ?Р ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі вице-министрі Рамазанов Арман ?айырбек?лы берген ?тінішіне с?йкес ?ызметінен босатылды. ?Р ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі вице-министрі ?ызметіне ??рман?алиев ?сет ?аби?лы та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Рамазанов Арман Қайырбекұлы берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне Құрманғалиев Әсет Қабиұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1993 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы "Карагандапромстрой" өндірістік автокөлік кәсіпорнында автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь болып бастаған. 1984-1986 жылдары - КСРО Қарулы Күштерінде әскерде қызмет еткен. 1990-1998 жылдары - кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.  

Реклама
Реклама

1998-2015 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері, "Нұр Отан" ХДП құрылымдарында әр түрлі қызметте болған.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2017 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып қызмет еткен.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама