ҚР СІМ А321 апатының теракт салдарынан болғаны анықталғаннан кейін мәлімдеме жасады

© Тұрар Қазанғапов

ҚР СІМ А321 апатының теракт салдарынан болғаны анықталғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Қазақстан 2015 жылғы 31 қазанда "Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербург" бағыты бойынша ұшқан ресейлік "Когалымавиа" компаниясының А321 жолаушылар ұшағында жасалған террорлық актін қатаң сынайтыны айтылған.

"Қазақстан халықаралық құқық нормаларына сәйкес ғаламдық лаңкестік қаупіне ұжымдық қарсы тұру ісіндегі күш-жігерін қолдайтынын және осы халықаралық зұлымдықпен ымырасыз күресуге дайын екендігін мәлімдейді. Біз қаза тапқандардың отбасына, сонымен қатар Ресей халқы мен үкіметіне тағы да көңіл айтамыз", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Реклама
Реклама

Бүгін, 17 қарашада Ресей ФҚҚ басшысы Александр Бортников А321 апатына терактінің себеп болғанын мәлімдеген еді. Осы террорлық әрекетке қатысы барлар туралы мәлімет берген адамға 50 миллион доллар сыйақы тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама