ҚР СІМ Канадада қаза болған қазақстандық жайлы: Мүрдені елге жеткізу мәселесі талқыланып жатыр

Метхат Әбенов.

?Р Сырт?ы істер министрлігіндегілер Канадада?ы ?аза?станды?ты? ?ліміне ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер Канададағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандасымыз Метхат Әбеновтың 2017 жылдың 17 қыркүйегінде Ванкуверде таудан құлап кету салдарынан қаза болғаны жайлы мәліметті растаймыз. Канададағы Қазақстан консулы қаза болған қазақстандықтың туыстарымен байланыста. Метхат Әбеновтың мүрдесін Қазақстанға жеткізуге қажетті шаралардың барлығы жүргізіліп жатыр. Метхат Әбеновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Елшіліктегілердің мәліметінше, Метхат Әбенов Канадада жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Global News басылымы Ванкувер маңындағы тауларда қазақстандықтың қаза болғаны жайлы хабарлаған болатын. Қазақстандықтың денесі Уистлер қалашығынан (Ванкуверден солтүстікке қарай 125 шақырым жерде) табылған. Ол серігімен бірге Iceberg көліне сапарға аттанған, бірақ ол серігінен ажырап кетіп, сол күйі белгіленген уақытта оралмаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама