ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 желтоқсан 2016 17:35
ҚР сыртқы істер министрі тағайындалды
Қайрат Әбдірахманов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың сайтында.
Сондай-ақ, Ақорданың сайтында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Ерлан Ыдырысовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен, Қуандық Бишімбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен, босатылғаны хабарланды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу