ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

© abctv.kz

?Р ?лтты? экономика вице-министрі та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 желтоқсанда ведомствоның жаңа басшысы Тимур Сүлейменов өзі істейтін ұжымына ҚР Ұлттық экономика вице-министрін таныстырды. Бұл қызметке Айбатыр Жұмағұлов келді. Ол осыған дейін "Қазақстан Тұрғынүйбанк" АҚ басқарма басшысы қызметінде болған. Министр вице-министрге жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. 

Еске салайық, биыл 28 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. "Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысы бүгін қол қойған құжатта. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ақорданың сайтында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қуандық Бишімбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен, Ерлан Ыдырысовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама