ҚР ҰҚК Қырғызстанда ұсталған қазақстандық туралы мәліметті жоққа шығарды

© knb.kz

?Р ??К ?ыр?ызстанда ?стал?ан ?аза?станды? туралы м?ліметті жо??а шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК Қырғызстанда ұсталған қазақстандық туралы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК мәліметі бойынша, Қырғызстанның арнайы қызметтері 2 қыркүйекте ұстаған Шамо Мамедов Рзаұлы Қазақстан азаматы емес.

"Қырғызстандық журналистердің оның Қазақстан азаматы екендігі дұрыс емес мәлімет. Негізінде ол Қырғызстан азаматының төлқұжатын қолданып, Алматыда біршама уақыт тұрған. Сот шешімі бойынша көші-қон заңын бұзғаны үшін Мамедов Қазақстаннан Қырғызстанға шығарылған. Сонымен қатар, оның Халықаралық террористік ұйымдармен байланысы бары жөнінде қырғызстандық арнайы қызметтеріне хабарланған", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Реклама
Реклама

Осыған дейін, РИА Новости Қырғызстан ҰҚК мемлекеттік комитеті өкілдері Қырғызстан аумағында Халықаралық террористік ұйымның мүшесі, лаңкестерді Сирияға аттандырмақ болған қазақстандық азаматты ұстағандарын хабарлаған болатын

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама