ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 қаңтар 2016 19:11
ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры тағайындалды
Мархат Арунов ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Мархат Даниярұлы Арунов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры міндетін уақытша атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мархат Арунов ҚР ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директорының міндетін атқарған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу