ҚТЖ активтерін онлайн режимдегі саудаға шығарды

19-?азанда "?аза?стан темір жолы" ?К" А? компаниялары тобыны? жеті активі электронды? аукцион?а шы?арылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "?аза?стан темір жолы" ?К" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

19-қазанда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялары тобының жеті активі электрондық аукционға шығарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғашқы электрондық бәссаудаға "Бас Балқаш 2004" ЖШС, "МАК-Екібастұз" ЖШС, "Көлік қызметі орталығы" АҚ, "Рауан Бурабай" ЖШС, "Магистраль-Қызметі" ЖШС, "ҚазЭлектроПривод" БК" ЖШС, "Аймақтық форвард логистикасы" ЖШО шығарылды.

Электрондық сауда қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның активтерді жүзеге асыру комиссиясы оны екінші электрондық аукционға шығаруды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Екінші мәрте аукционға шығарылғанда активтердің бағасы ең төменгі шамасына, белгіленген бастапқы бағаның 50 пайызына дейін түсіріледі.

Активтерді бәсекелес ортаға шығару "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін қайта құрылымдаудың Бірыңғай ережесі негізінде жүзеге асырылуда.

Электронды аукцион үш мәрте өткізіледі. Әрбір бәссауданың аралығы жиырма жұмыс күні ішінде атқарылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама