Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

?уанды? Бишімбаевты? ?амау мерзімі бір ай?а ?зартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Алматы аудандық № 2 соты Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін бір айға - 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты. Аудандық соттың шешімі 6 сәуірде қабылданды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Жарнама
Жарнама

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама