Құл-Мұxаммед Атырау облысындағы ауыл шаруашылығының деңгейіне риза болды

© Tengrinews.kz

Б?гін, 2 ?ырк?йекте Атырау облысына Н?р Отан партиясы т?ра?асыны? бірінші орынбасары М?xтар ??л-М?xаммед ж?мыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 2 қыркүйекте Атырау облысына Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапар мақсаты - облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу, сайлаушылармен тілдесу. Орынбасар ат басын бұрған нысандардың бірі ауылшаруашылық өнімдерін өсіретін "Дастан" шаруа қожалығы болды.

2002 жылы құрылған қожалық жеміс пен көкөніс өсіруден басқа сиыр, қой, түйе, жылқы бағумен айналысады.

Реклама
Реклама

Былтыр 1500 тонна көкөніс, 390 тонна картоп, 2250 тоннна қауын мен қарбыз алған қожалық биыл өнім көлемі бұдан да көп болады деп отыр. Мұнда тамшылатып суару әдісі бойынша 125 гектар жерде егін егіліп отыр екен.

Егін басында "Сарайшық" асыл тұқымды мал шаруашылығының, "Первомайский" зауытындағы сүт-тауарлы мүйізді ірі қара фермасының жұмысы да таныстырылды.

Айта кетелік, Атырау облысы қазір өзін ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр.

Құл-Мұxаммед облыста қолданып отырған жаңа теxнологияны жоғары бағалайтынын айтып, әрі қарайғы жұмыста сәттілік тіледі. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бұл бағыттағы жұмыстың тоқтамайтынын, экономиканы әртараптандыру жұмыс шараларының жалғаса беретінін айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама