Қырғыз көліктері Қазақстан аумағында еркін айналымда болады

Қырғыз көліктері Қазақстан аумағында еркін айналымда болады ©Tengrinews.kz

Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақта емін-еркін жүре алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында Армения Республикасынан 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер 2015 жылдың 5 мамырынан бастап айналымда болады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Алайда, аталған көліктерді тіркеуге қою үшін, темір тұлпарлардың Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін дәлелдеу қажет. ІІМ-нің мәліметінше, Одаққа мүше өзге елдерден әкелінген көліктер үшін сәйкестікті растау міндетті емес.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама