Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

?ыр?ызстанны? ?аза?стан тарапынан гуманитарлы? к?мек алу ?ажеттілігіні? ?зектілігі жойылды. Б?л туралы республиканы? ТЖМ баспас?з ?ызметіні? ?кілдері тарат?ан м?лімдемеде айтылады.

Қырғызстанның Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек алу қажеттілігінің өзектілігі жойылды. Бұл туралы республиканың ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері таратқан мәлімдемеде айтылады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қырғыз тарапының шұғыл үндеуі биылғы мамыр айында Ош облысындағы көшкінге, қар көшкініне және зілзалаға байланысты болған. "Алайда Қырғыз Республикасының үкіметі шетелдік серіктестердің қолдауымен елдің оңтүстігіндегі табиғи апаттың салдарын жедел жойды. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметіне осы шешімі үшін алғыс білдіре отырып, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегінің қажеттілік өзектілігі жойылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Үкіметі көрші мемлекетке гумантарлық көмек көрсету туралы шешім шығарған еді. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама