Қырғызстанмен шекарада не болып жатыр?

Қырғызстанмен шекарада не болып жатыр? © РИА Новости

?ыр?ызстанны? шекара ?ызметіндегілер ?аза?стан шекарасында?ы жа?дай?а ?атысты т?сінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше кешкі уа?ыттан бері шекарада к?ліктер кезекте т?рып ?ал?ан болатын.

Қырғызстанның шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше кешкі уақыттан бері шекарада көліктер кезекте тұрып қалған болатын.

Жарнама
Жарнама

Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 10 қазанда сағат 18.00-ден бері Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасында жолаушылар мен көлік құралдарын өткізу ережесі күшейтілді.

"Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, Қырғызстан тарапынан шекара бақылауына ешқандай шектеу қойылмағаны айтылады.

"Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды ", - деді Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөліміндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама