Қытай басшысы Си Цзиньпин Астанаға келді

Expert.ru сайтынан

Қытай басшысы Си Цзиньпин Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақордада жаңа ғана ҚХР басшысымен салтанатты кездесу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді резиденциясының кірер аузында күтіп алды. Амандасудан кейін Президент Қазақстан тарапынан бүгінгі келіссөзді жүргізуге атсалысатын қатысушыларды таныстырды. Кейін Назарбаевқа Қытай делегациясы таныстырылды. Екі елдің әнұрандары орындалды. Кейін екі ел басшысы келіссөздер жүргізуге аттанды.

Осыған дейін Қытай басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазған постында Астанаға келуін "саяси қолдау белгісі" деп түсіндірген болатын. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісінен кейін Си Цзыньпиннің Қазақстанға алғашқы іссапары екені де айтылды. Қытай Президенті бұл іссапардың екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары дәрежеде екенін көрсететін белгі екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Басшылар арасындағы кездесу барысында экономикалық Ұлы Жібек жолының құрылысы туралы сөз болатыны белгілі болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама