Қытайда 90 жастағы қазақ әжей ұсталған

© Facebook.com/anuar.zhainakov

?ытайда ?стал?ан 90 жаста?ы ?аза? ?жей ?аза?стан?а оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов?а сілтеме жасап.

Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

"2018 жылы 2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайта оралды", - деп хабарлады Жайнақов Facebook парақшасында.

Жайнақовтың айтуынша, 2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнаманы бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін кейуана мен оның ұлы ұсталған. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған.

Реклама
Реклама

"Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды. Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада ресімделді", - деді Жайнақов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтарының Қытайда ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда 170-ке тарта этникалық қазақтың қиындыққа ұрынғанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама