Қытайда сотталған қазақстандық үш азамат елге қайтарылды

2017 жылды? 14 наурызындада ?аза?станны? ?ытайда?ы Елшілігіні? к?мегімен ж?не ?Р Бас прокуратурасыны? ?атысуымен ?ытайда соттал?ан ж?не жазаларын ?теп ж?рген ?Р 3 азаматы ?аза?станды? тарап?а тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р СІМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың 14 наурызындада Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің көмегімен және ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен Қытайда сотталған және жазаларын өтеп жүрген ҚР 3 азаматы қазақстандық тарапқа тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотталған азаматтарды елге қайтару туралы уағдаластыққа үстіміздегі жылдың 1 наурызында Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен болған кездесуі кезінде қол жеткізілген.

"Қазіргі таңда Қытай аумағында түрлі қылмыстарды жасағаны үшін сотталған 9 қазақстандық азамат жазаларын қытайдың түзету мекемелерінде өтеп жатыр. "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың" күшіне енуін (2011 жылдың 22 ақпанда қол қойылды) ескере отырып, Елшіліктің консулдық қызметі ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және сотталған азаматтарды Отанына қайтаруға бағытталған тиісті іс-шараларды жалғастыруда. Жақын арада Қытай тарапымен ҚР-дың тағы да Қазақстанның үш азаматын елге қайтару туралы сұрағы қарастырылады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

2015 жылдың қыркүйегінен бастап қытайлық тараппен жазалаудың түрлі мерзімімен ҚХР аумағында айыптарын өтеп жатқан 14 Қазақстан азаматы табысталғанын еске саламыз.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама