Қытайдан келген қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты

Қытайдан келген қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты

Жаркентте Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Панфилов аудандық сотынан Facebook желісінде хабарлады.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бостандығынан айырылды. Оған пробациялық бақылау орнатылды. Айыпталушы сот залында босатылды.

Айта кетейік, Сайрагүл Сауытбай ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") айыпталған.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама