Қытайлар жаппай Қазақстанға көшіп жатыр деген қауесет жоққа шығарылды

© Burbuja.info

2016 жылды? 9 айында ?ХР-ды? 86 мы? 2013 азаматы ?аза?стан?а виза ал?ан. Оларды? шамамен 86 пайызы этникалы? ?аза?тар. Б?л туралы ?Р СІМ-де ?ткен баспас?з м?слихатында ?аза?станны? ?ытайда?ы т?тенше ж?не ?кілетті елшісі Шахрат Н?рышев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың 9 айында ҚХР-дың 86 мың 2013 азаматы Қазақстанға виза алған. Олардың шамамен 86 пайызы этникалық қазақтар. Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚХР азаматтарына виза беру - Қазақстан елшілігінің куәлік-виза қызметінің және ҚР Бас консулдығының маңызды қызметтерінің бірі. ҚХР-дың жүздеген мың азаматы ҚР территориясына кіріп, қалып қоятыны жайлы сөз айтылып жүр. Сондықтан, Бейжіңде, Шанхайда, Гонконгта және Үрімшіде берілген визалардың статистикасын келтіруге рұқсат етіңіздер. 2016 жылдың 9 айында Қытайдың 86 мың 206 азаматы елімізге кіруге виза алды, оның 58 мың 474-і этникалық қазақтар, яғни 68 пайызы", - деп түсіндірді Шахрат Нұрышев.

Оның айтуынша, 15 мыңнан аса іскерлік виза берілген, 6 мың жұмыс, 5 мың туристік, 299 оқу, 322 қызметтік, 23 инвесторлық және 56 транзит визалары.

Реклама
Реклама

Ал 2015 жылы ҚХР-дың 118 мың 321 азаматы виза алған. Олардың 83 358-і, яғни 70 пайызы Қытайда тұрып жатқан этникалық қазақтар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама