Қытайлықтар Алматы - Астана тасжолын жөндейді

Құрты-Бурылбайтал тасжолы.

?ытайлы? мердігерлер Алматы - Астана тасжолын ж?ндеу ж?мыстарына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытайлық мердігерлер Алматы - Астана тасжолын жөндеу жұмыстарына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" ҰҚ АҚ мәліметінше, Алматы облысында Құрты-Бурылбайтал тасжолының 2214-2295-шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы аумағы 81 шақырымға созылған.

Реклама
Реклама

"2017 жылдың қарашасында Sinohydro Corporation Limited ( КХР) мердігерлік компаниясы қызметкерлерді мобилизациялауды бастады. Құрылыс кестесіне сәйкес,  қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады "Қазавтожол" АҚ баспасөз қызметі.

"Бүгінде тасжолдың 2252-2275-шақырымында (23 шақырым) және 2152-2214-шақырымында (62 шақырым) асфальтбетондар жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына қатысты негізгі жұмыстар 2018 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын", - деп хабарлады компаниядағылар.

Сондай-ақ, Құрты-Бурылбайтал тасжолының бір учаскесі қайта жөнделетіні айтылады - Жамбыл облысы жақта 2152-шақырымнан 2152-шақырымға дейін. Айта кетейік, бас мердігер "Todini&SMS" (Италия/Қазақстан) компаниясы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама