Қызметтік көлік терезесін көлегейлеген полицейлер жазаланды - ҚР ІІМ

© Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігіні? ?ызметтік к?лік терезелерін к?легейлемеу туралы сал?ан тыйымын орындама?ан жол-патрульдік полиция ?ызметкерлері т?ртіптік жауапкершілікке тартылды. Б?л туралы ведомствоны? Tengrinews.kz тілшісі жолда?ан сауал?а берген жауабында айтылады.

Ішкі істер министрлігінің қызметтік көлік терезелерін көлегейлемеу туралы салған тыйымын орындамаған жол-патрульдік полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ведомствоның Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

Қазақстанда ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 7.3 пунктіне сәйкес, көліктің алдыңғы терезелерін ғана көлегейлеуге тыйым салынған.

Бірақ ҚР ІІМ 2017 жылдың 31 шілдесінде жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне арнайы түрлі-түсті графикалық бояуы бар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар, алдыңғы және артқы терезелері көлегейленген немесе пленка жапсырылған қызметтік көліктерді қолдануға тыйым салды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомстводағылар қанша полицейдің бұйрықты орындамағаны үшін жазаланғаны жайлы сұраққа жеке статистиканың жүргізілмегенін айтып өтті.

"ІІМ бұйрығын орындамау жағдайларында жол-патрульдік полицияның қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол-полиция қызметкерлерінің көрсетілген бұйрықтарды орындамағын үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде жеке статистика жүргізілген жоқ", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама