Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы ұсталды

?ызылорда облысында ?ор?аныс істері ж?ніндегі департаментті? басшысы бірнеше рет пара алды деген к?дікпен ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? ресми ?кілі Н?рлан Жахин?а сілтеме жасап.

Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге қарағанда, облыстық департамент басшысына қатысты тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті бастады.

"Ол 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдіктінің 2017 жылдың қараша -желтоқсан айлары арасында қоластындағылардан жүйелі түрде оларға әскери атақ алып беру үшін және тәртіптік жауапкершіліктен босату үшін 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып келгені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.

Реклама
Реклама

2018 жылдың 4 қаңтарында департамент басшысының Қызылорданың ІІБ уақытша изоляторына қамалғаны айтылады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама