Қызылордада сұранысқа ие жас мамандардың базасы дайындалады

?ызылорда облысында білікті жас кадрларды аны?тау, іріктеу, т?рбиелеу ж?не б?секеге ?абілетті мамандарды даярлау мен оларды ж?мыспен ?амту ма?сатында "Жастар кадрлы? резерві" жобасы ж?зеге асырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы б?гін ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? ?ызылорда облысы бойынша Департаменті басшысы Абзал М?химовты? ж?не "Н?р Отан" партиясы ?ызылорда облысты? филиалыны? басшысы ??тты?ожа Ибадуллаевты? ?атысуымен ?ткен баспас?з м?слихатында белгілі болды.

Қызылорда облысында білікті жас кадрларды анықтау, іріктеу, тәрбиелеу және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен оларды жұмыспен қамту мақсатында "Жастар кадрлық резерві" жобасы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысы Абзал Мұхимовтың және "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалының басшысы Құттықожа Ибадуллаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

"Жастар кадрлық резерві" жобасы 8 кезеңнен тұрады. Онда үміткерлер әңгімелесу, сынама тестілеу, ресми тестілеу сияқты негізгі кезеңдерден өтеді. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар арнайы оқу курстарынан өтіп, мемлекеттік органдарға тағыламдамадан өтуге жіберіледі. Осы кезеңдерден сүрінбей өткен үміткерлердің негізінде мемлекеттік қызметке кіруге ынталы, кәсіби дағдылары мен біліктілігі жоғары жас мамандардың облыстық деректер базасы дайындалатын болады.

Айта кетейік, "Жастар кадрлық резервін" дайындау барысында сұранысқа ие (ауылшаруашылығы саласы, техникалық мамандықтар) мамандықтарға басымдық беріледі. Жоба 1 наурыздан басталды.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама