Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті © ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

?ызылордада б?гін - Халы?аралы? сыбайлас жем?орлы??а ?арсы к?рес к?ні ?арса?ында ерекше флешмоб ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? ?ызылорда облысы бойынша департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қызылордада бүгін - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ерекше флешмоб өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы жоғары оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттар арқылы "Коррупция stop" сөзін жазып, қоғамдағы белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылығын білдірді.

Реклама
Реклама

Алаңға жиналған жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Сансызбайұлы сөз сөйлеп, оларды коррупциямен бірлесе күресуге шақырды.

Айта кетейік, шара соңында студенттер патриоттық әндер шырқап, шерулерін аяқтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама