Қызылордада Жеңіс күні Мәңгілік алаудағы гүл шоқтары лақтырылған

?ызылорда ?аласыны? ?кімдігі "М??гілік алау" ескерткішіне ?ойыл?ан г?лдерді? ла?тырылуына байланысты т?сінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласының әкімдігі "Мәңгілік алау" ескерткішіне қойылған гүлдердің лақтырылуына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 9 мамырда Instagram желісіндегі "Есьже, я приезжий" деген топта Қызылорда қаласында Жеңіс күніне орай болған шараға қойылған гүлдерді қаланың тазалық қызметі өкілдері лақтырып жатқаны бейнеленген ролик пайда болған еді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұған ауа райының кенеттен бұзылуы себеп болыпты.

Реклама
Реклама

"Кешкі мезгілде қатты жел тұрып, арты нөсер жаңбырға ұласқандығын қала тұрғындары жақсы біледі. Осының салдарынан, гүл шоқтары жан-жаққа ұшып шашылған. Сол себепті қаламыздағы ел қастер тұтар орындардың бірі Тағзым алаңын көріксіз күйде қалдырмас үшін "Қызылорда тазалығы" мекемесінің қызметкерлері жауып тұрған жаңбырға қарамастан жедел шара қабылдап, айналасын шашылған гүлдерден түгел тазартып шыққан. Сондықтан бұл жерде жөнсіз әрекет деп шағымданбас бұрын, керісінше, жайсыз көріністін алдын алуға бағытталған шара деп қабылдауларыңызды сұраймыз. Себебі, қатты жел мен жаңбырдан кейін ол жерде тек реңі кетіп шашылған және қураған гүлдер ғана қалатыны анық", - деді олар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама