Қызылордалық шенеуніктер жұмыс кезінде қызметтік көлікпен сауда үйлеріне барып жүрген

© Тұрар Қазанғапов

?ызылорда облысында 15 ?ызметтік авток?лікті? ?ызметтен тыс ма?сатта пайдаланыл?аны аны?талды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? ?ызылорда облысы бойынша департаментіні? ?кілдері хабарлады.

Қызылорда облысында 15 қызметтік автокөліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қызметтік мақсатта пайдаланылуы тиіс мемлекеттік мекемелердің автокөліктері мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін сауда үйлеріне, мектептерге тасымалдаған.

"Рейдтік шара барысында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының автокөліктері мектепке қатынаса, облыстық экология департаментіне тиесілі қызметтік автокөлік "SMALL" сауда үйіне барғандығы топтың назарына ілініп, тиісті шара қолдануы үшін ұсынымдар берілген", - деп хабарлады департаменттегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, осындай шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетіні айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама