06 сәуір 2023 | 12:10

Ірі банктер мен мобильді операторлар қазақстандықтарға үндеу жолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ірі банктер мен мобильді операторлар қазақстандықтарға үндеу жолдады. Олар клиенттерді қаржылық шығыннан қорғау үшін алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ірі банктер мен мобильді операторлар қазақстандықтарға үндеу жолдады. Олар клиенттерді қаржылық шығыннан қорғау үшін алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Киберқылмыскерлер мынадай схема ойлап тапқан. Алаяқ қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысы қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджерде сөйлесуді ұсынады. Ал чатта алаяқ банк қызметкерінің жалған қызметтік куәлігінің суретін жібереді. Ол қаражатыңызды ұрлауға тырысып жатқандар бар екеніне сендіреді және оларды "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Осыдан кейін алаяқ ұшты-күйлі ақшамен бірге жоғалады.

"Қазақстандық банктердің қызметкерлері телефон арқылы сөйлескенде ешқашан басқа шоттарға ақша аударуды ұсынбайтынын, парольдеріңіз бен кодтарыңызды сұрамайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстандық банктердің қызметкерлері клиенттерге ешқашан шетелдік нөмірлерден қоңырау шалмайды", - делінген банктердің бірлескен өтінішінде.

Реклама
Реклама

Қаскүнемдер алаяқтықтың бұрыннан белгілі түрлерін де әлі пайдаланады. Сондықтан қазақстандықтардан қырағы болу және мынадай қарапайым ережелерді ұстану сұралады:

  1. Әңгімені дереу тоқтатыңыз! Сіз күдікті қоңырау туралы хабарлау және шоттарыңыздың сақталуын қамтамасыз ету үшін банктің байланыс орталығына қайта қоңырау шала аласыз.
  2. Ешқашан және ешкімге SMS-хабарламалар арқылы келетін құпия кодтарды, интернет-банктегі жеке кабинеттің паролін бермеңіз.
  3. Қоңырау шалушылардың өтініші бойынша басқа шоттарға ақша аудармаңыз.
  4. Ешқашан олардың нұсқауы бойынша белгісіз мобильді қосымшаларды жүктемеңіз!

  5. Бейтаныс адамдар жіберетін сілтемелерді ашпаңыз.

"Бұл қарапайым қаржылық қауіпсіздік ережелері сізді алаяқтардан қорғауға және ақшаңызды жоғалтпауға мүмкіндік береді", - деді банк өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная