25 сәуір 2023 | 09:28

Ірі мұнай компаниясы арзандатылған бағамен жекеменшікке сатылған - премьер-министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министр Әлихан Смайылов ірі мұнай-газ компаниясының арзан бағаға сатылуының заңдылығын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов ірі мұнай-газ компаниясының арзан бағаға сатылуының заңдылығын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселе Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды.

Реклама
Реклама

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная