04 мамыр 2023 14:45

Рахмон Тоқаевты Тәжікстанға ресми сапармен шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахмон бұл туралы Қазақстанға ресми сапары барысында мәлімдеді.

"Бүгін біз екі ел арасындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа қол жеткіздік. Сөзімді қорытындылай келе, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге және бауырлас Қазақстан халқына жылы лебіз үшін тағы да шынайы алғысымды білдіргім келеді. Сізді Тәжікстан Республикасына сапармен шақырамын", - деді Эмомали Рахмон.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Эмомали Рахмон Қазақстан Тәжікстандағы азық-түлік бидайының негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.

"Қазақстан халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде сындарлы рөл атқаруды жалғастырып жатыр. Тәжікстан әрқашан Қазақстанның бауырластығын, тұрақты қолдауын сезінеді, бұл үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақстан біз үшін азық-түлік бидайын экспорттаушы маңызды елдердің бірі екені ешкімге құпия емес. Сондықтан елдегі өнім Қазақстан үшін қаншалықты маңызды болса, біз үшін де маңызды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram