“Рақмет“ не “қайтардым“: мобильді аударымдағы түсініктеме салық тексерісіне әсер ете ме?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Мобильді аударым жасаған кезде "рақмет", "қайтардым" немесе "қарыз" сияқты түсініктемелерді көрсету қажет пе, бұл салық органдары тарапынан туындауы мүмкін сұрақтардан сақтануға көмектесе ме? Бұл сұраққа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде ведомство өкілдері мынаны хабарлады: Салық кодексінің 24-бабына сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ақпаратты белгіленген нысандар бойынша ұсынады және ақша аударымдарына қатысты түсініктемелер көрсетілмейді.

"Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары ақша аударымдарына қатысты хабарламалар мен ескертулердің мазмұнына қол жеткізе алмайды және көрсетілген түсініктемелер салықтық тексеру жүргізу кезінде заңды мәнге ие емес", – делінген комитеттің ресми жауабында.

Реклама
Реклама

Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметіне, аударымға қандай да бір түсініктеменің бар-жоғы операциялардың салықтық бағалануына әсер етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама