Рамзан Қадыров қазақстандық науқас қызға көмектесті

© Instagram

Шешенстан президенті Рамзан ?адыров Бай?о?ырда?ы ?аза?станды? 7 жасар Элиф Н?ржанова?а ота жасату ?шін 10 500 доллар аударды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?ызды? анасы Айн?р Н?ржанова хабарлады.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Байқоңырдағы қазақстандық 7 жасар Элиф Нұржановаға ота жасату үшін 10 500 доллар аударды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Айнұр Нұржанова хабарлады.

Айнұр Нұржанованың айтуынша, Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі pomogite_elif парақшасына жазып, көмек беруге уәде берген. Ал кейіннен ақша аударған.

Реклама
Реклама

"Бұл нағыз бақыт, менің сөзім жоқ. Құрметті @kadyrov_95 сізге көп рақмет, ана ретінде алғыс айтамын. Қуаныштан көзіме жас алып отырмын. Құрметті достар, осы күнге дейін есепшотқа көп қаражат аударылды. Әрқайсысыңызға рақмет айтамын. Мейрамнан соң нақты қанша сома түскенін айтамын. 1 қазанда тексерістен өтеміз. Әлхамдулиллах, біздің есепшот жабылды", - деп жазды Айнұр өзінің парақшасында.

Айта кетейік, қыздың анасы қаражатты әлеуметтік желілер арқылы жинаған. 9 қыркүйекте Түркияда қыздың омыртқасына ота жасалды. Дәрігерлер оның ішкі органдарына қысым түспес үшін барын жасады.

Сонымен қатар, Айнұр Нұржанова 4 қазанда қызымен бірге Қазақстанға қайтатынын айтты. Ал жарты жылдан соң Түркиядағы клиникаға тағы ота жасатуға баратынын айтты. "12-13 жасқа дейін жылына екі рет ота жасатамыз", - деді науқас қыздың анасы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама