ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2022 | 16:00
Рашид Аюпов Кентау әкімі болып тағайындалды
Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gov.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gov.kz сайтына сілтеме жасап.
"Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан аса тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Рашид Аюпов аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Кентаудың дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына уәде берді.
Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. 2019 жылы шілдеден 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Былтырдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также