ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 12:47
Референдум: бюллетеньде неге бір ғана сұрақ?
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 5 маусымда өтетін республикалық референдумда Конституцияға 56 түзету енгізілетінін, алайда қазақстандықтарға бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап беру ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"33 бапқа барлығы 56 түзету. 56 сұрақ болса, 1 азаматқа 56 бюллетень болуы керек. Бұл басқару тұрғысынан нені білдіретінін түсінуіміз керек. Барлық түзету, барлық сұрақ бір-бірімен тығыз байланысты", - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Алма Мұқанова бюллетеньде басқа түзетудің мағынасын бұзбас үшін келесі біреуіне дауыс беруге болмайтынын нақтылады.
"Біз Мәжіліске заң қабылдау құқығын беру туралы нормаға дауыс береміз, бірақ Сенатқа мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін нормаға дауыс бермейміз", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также