Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ - Елбасы

Конституция?а ?згерістер енгізу бойынша референдум ?ткізуді? ?ажеттілігі жо?. Б?л туралы Н?рс?лтан Назарбаев Парламент палаталарыны? біріккен отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент депутаттарынан мүмкіндігінше кейінге қалдырмай, барлық процедура мен заңымызды сақтай отырып, заң жобасын қарауды сұраймын. Конституцияда өзгерістер енгізудің екі нұсқасы бар: Президент талқылаудан кейін заң жобасын референдумға немесе Парламентке жібере алатды. Биліктің мемлекеттік жүйесінің негізгі жағдайлары мұнда өзгермейтіндіктен, құқық негіздері, адам бостандығы бұл реформада өзгеріссіз қалғандықтан үлкен шығынға, адам ресурсына, саяси проблемаларға және қоғамда артық сұрақтар туындайтын жағдайға алып келетін референдум өткізудің қажеттілігі жоқ", - деді Президент.

Назарбаевтың айтуынша, халық сайлаған депутаттық корпус осы заңды енгізуге құқылы. 

Реклама
Реклама

"Жобаны мемлекет мүддесі үшін ұзаққа создырмай қарайтындарыңызға сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік", - деді Мемлекет басшысы депутаттарға.

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама