ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2022 | 17:57
Реформалар жөніндегі жоғары кеңесте геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсері талқыланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсеріне төтеп беруге бағытталған қажетті шаралар топтамасын талқылаудан басталды.
Жиын барысында аталған мәселе бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Реформалар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти және Үкімет мүшелері баяндама жасады. Сондай-ақ, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов бизнес тарапының ұсыныстарын ортаға салды.
Президенттің айтуынша, Үкімет құрған Дағдарысқа қарсы шараларды үйлестірудің жедел штабы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанның экономикалық салаларына тигізетін әсерін жан-жақты талдауға, жағдайдың қалай өрбитініне қарап шара қабылдауға, сондай-ақ алдағы іс-қимылдардың бірыңғай жоспарын жасауға тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметті бұл бағытта шұғыл әрекет етуге және бизнес қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также