15 қыркүйек 2020 | 08:37

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы бекітілді

Фото: akorda.kz

ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жарлықтағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы:

Реклама
Реклама

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары

Жоғары кеңестің мүшелері:

Мамин Асқар Ұзақбайұлы - ҚР премьер-министрі

Қошанов Ерлан Жақанұлы - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы

Досаев Ерболат Асқарбекұлы - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

Келімбетов Қайрат Нематұлы - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы - ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы

Исекешев Әсет Өрентайұлы - ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Сүлейменов Тимур Мұратұлы - ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары

Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы

Еске салайық, 14 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды. Президент жанындағы жоғары кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында кеңес құрамына Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті (2012-2020 ж.ж.) Сума Чакрабарти енгізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная