04 ақпан 2022 | 13:55

Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ренат Айтаев Мәжіліс аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бюро отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысын Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды", - делінген хабарламада.

Ренат Айтаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілік басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Ол 1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастады.

Осы жылдары Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде қызмет етті.

2010-2017 жылдары - премьер-министр кеңсесінің Индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2017-2019 жылдары - премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, премьер-министр кеңсесінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

2019 жылы Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная