14 қаңтар 2022 | 17:22

"Ренжіткіміз келмеді". Павлодар облысында әкімдік аз қамтылған отбасына 2 бөлке нан сыйлаған

Дина Шарипханова Корреспондент

Көпбалалы аналар мен жалғыз басты зейнеткерлерге Павлодар ауданы Жолболды ауылы әкімі екі бөлке нан сыйлаған. Көпбалалы аналардың бірі Instagram-да ерекше сыйлық туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көпбалалы аналар мен жалғыз басты зейнеткерлерге Павлодар ауданы Жолболды ауылы әкімі екі бөлке нан сыйлаған. Көпбалалы аналардың бірі Instagram-да ерекше сыйлық туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аз қамтылған ауыл тұрғындары Жаңа жыл мерекесіне бір күн қалғанда жергілікті биліктен нан алғаны белгілі болды. Әкімдік қызметкерлері Instagram желісіндегі ресми парақшасында фоторепортаж жариялап, сипаттамасында "Ауылдық округ әкімі көпбалалы аналарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тегін нан үлестірді" деп жазған. Билік өкілдерінің сыйы алушыларды таңғалдырған және ашуландырған.

Реклама
Реклама

"Әкімдіктің ойынша, біз нан сатып ала алмаймыз, ал мерекеде халық тек осындай сыйлыққа лайық. Мен мұны қорлық деп санаймын", - дейді көпбалалы ана.

Бұл ретте ауыл әкімдігі ешкімді ренжіткісі де, қорлағысы да келмейтінін жеткізген.

"Әкімдікке ешкімді шақырған жоқпыз. 30 желтоқсанда демеушілерден нан алып, мамандарымыз мұқтаж жандарға жеткізіп берді. Суреттегі қоғамдық жұмыстармен айналысатын екі әйел. Біреуі көпбалалы ана, екіншісі - аз қамтылған. Оларды әдейі шақырған жоқпыз, нан бердік, болды. Бірақ бәрінен кешірім сұрадық, ешкімді ренжіткіміз келмеді", - деп түсіндірді Жолболды ауылдық округінің әкімі Хамит Ахтанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная