ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 шілде 2015 14:44
Ресей ғарыш кемесі енді РФ территориясына қонатын болды
Ресейдің жаңа ғарыш кемесі бұдан былай Қазақстанға емес, РФ территориясына қонатын болды, бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне зымыран-ғарыш саласындағы дереккөз хабарлады.
"Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясында құрастырылып жатқан жаңа заманның пилоттық көлік кешені үшін қонауға екі аймақ анықталды - Саратов және Оренбург облыстары", - деді ол.
"Бұл аймақтарға Восточный ғарыш айлағынан ұшқан кемелер қонады. Олар Амур облысында құрастырылып жатыр. Басқа алаңдарда зымыран ұшыру жоспарланып отырған жоқ", - деді ол.
Агенттікке берген жауабында әңгімелесуші ғарыш кемесінің қонуына үлкен мекен қажет етілмейді, себебі қонудың жаңа жүйесі 5 шақырым радиусында қонуға мүмкіндік береді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу