Ресей іздеу жариялаған 14 қылмыскер Павлодар облысында ұсталды

Ресей іздеу жариялаған 14 қылмыскер Павлодар облысында ұсталды © 360tv.ru

Павлодар облысында Ресей Федерациясы іздеу салған 14 азамат ұсталды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, Железин ауданында Павлодар облысы ІІД және РФ Омбы ІІМБ делегациясының кездесуінде қылмысқа қарсы шекаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биыл Павлодар облысының криминалдық полиция қызметкерлері өңірде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдердің құқық қорғау органдары үшін іздеу салынған 18 қылмыскерді ұстады.

Реклама
Реклама

"Ұсталғандардың 14-і Ресей Федерациясының полициясы іздеу салған қылмыскер. Сонымен қатар, көрші елдің көмегімен Павлодар облысы ІІД іздестірген жеті қылмыскер ұсталды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама