Ресей қазақ әліпбиін латынға көшіруге қатысты мәлімдеме жасады

© mid.ru

Ресейді? Сырт?ы істер министрлігі ?аза?станда?ы ?аза? ?ліпбиін латын?а к?шіруге ?атысты м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы қазақ әліпбиін латынға көшіруге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл мәселе туралы Ресей СІМ басшысының орынбасары Григорий Карасин мәлімдеген. "Меніңше, бұл жағдайда да біздің ұстанымымыз байсалды, айналып келгенде бұл Қазақстанның ішкі мәселесі - қандай тілдердің қандай деңгейде қолданылатыны", - деді Карасин.

Ол бұл мәселеге қатысты айрықша проблеманың жоқ екенін айтып отыр.

Реклама
Реклама

"Біздің екіжақты қарым-қатынасымызды бейімдеудің, орыс тілін латынға қатысты жаңа жағдайда қалай бейімдеудің амалдарын табатынымызға сенімдімін", - деді ресейлік дипломат.

Мұның алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама