Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта ұлты қазақ жолаушы болған

Темірлан Ақназаров

Орск ?аласыны? ?лты ?аза? т?р?ыны М?скеу т?бінде апат?а ?шыра?ан лайнерді? бортында бол?ан. 1985 жыл?ы ?аза? жігіті бортында бол?ан ?ша?тан ешкім аман ?алмады. Темірланны? "ВКонтакте" желісіндегі пара?шасында ?олданушылар орыс ж?не ?аза? тілдерінде к??іл айтып жатыр. 

Орск қаласының ұлты қазақ тұрғыны Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған лайнердің бортында болған. 1985 жылғы қазақ жігіті бортында болған ұшақтан ешкім аман қалмады. Темірланның "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында қолданушылар орыс және қазақ тілдерінде көңіл айтып жатыр. 

ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың хабарына қарағанда, қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ.

Еске салайық, кеше, 11 ақпанда "Саратовская авиалиния" әуекомпаниясының Ан-148 ұшағы құлаған еді. Лайнер бортында 71 адам болған. Ұшақ Домодедово әуежайынан Орск қаласына бағыт алған. Көтерілгеніне 4 минут өткенде ұшақпен байланыс жоғалған. Әуе кемесінің қирандысы Мәскеу облысындағы Раменский ауданынан табылған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама