Ресейде Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған ер адам өз әрекетін түсіндірді

Видеоның кадры

?аза?станны? Санкт Петербургтегі Бас консулды?ы Псков облысы Невель ?аласында?ы Ке?ес Ода?ыны? Батыры М?нш?к М?метованы? ескерткішін ?орлау дерегі бойынша РФ ІІМ Бас?армасынан жауап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі консулды?ты? ?кілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның Санкт Петербургтегі Бас консулдығы Псков облысы Невель қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлау дерегі бойынша РФ ІІМ Басқармасынан жауап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі консулдықтың өкілдеріне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары видеоның екі жыл бұрын түсірілгенін анықтаған. Вандалдың аты-жөні де анықталған. Ол Невель ауданының Леоново ауылының тумасы - 1997 жылғы Сергей Репов екен. 

Берген түсініктемесінде ол Мәметованың ескерткішінің маңынан өтіп бара жатып, "сәтті кадр" жасағысы келгенін жазған. Досы Илья Кубановтан суретке түсіруін сұраған, ал ол өз кезегінде роликте "ВКонтакте" желісіне жүктепті. 

Реклама
Реклама

Бұл дерек полицияның жергілікті бөлімінде тіркелген. 

Еске салайық, осыған дейін Интернетте таралған видеода бір ер адамның ескерткішке шығып алып, суретке түскені көрінеді. Роликте былапыт сөздер айтылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама