Ресейдің Балқаштағы әскери бөлімін жармақшы болғандарға қатысты сот басталды

© Тengrinews.kz илюстрация

Ресейді? Бал?ашта?ы ?скери б?ліміне шабуыл жасап, онымен ?оса бірнеше нысанды жарып жібермек бол?ан 8 к?діктіге ?атысты негізгі сот отырысы басталды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Жабы? жа?дайда ?тіп жат?ан процесте ку?герлерден жауап алынды.

Ресейдің Балқаштағы әскери бөліміне шабуыл жасап, онымен қоса бірнеше нысанды жарып жібермек болған 8 күдіктіге қатысты негізгі сот отырысы басталды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Жабық жағдайда өтіп жатқан процесте куәгерлерден жауап алынды.

Сегіз айыпталушының үшеуі ағайындылар екен. Сотқа дейінгі тергеу кезінде лаңкестік топтың серкесі мен 5 мүшесі қылмысын мойындап, процестік келісімге келіпті. Дегенмен, қалған екеуінің қорғаушылары оларды туысқандықтан басқа лаңкестермен ештеңе байланыстармайды деп отыр.

"Айыптарын мойындап  дәлелдермен келісіп отыр. Бірақ қару жарақты көріп шабуыл жасаймыз деп айтылмаған. Ондай жоспарды білмейді олар", - дейді адвокат Асхат Бейсенбаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген еді. "2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілді", - деп мәлімдеген еді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама