Ресейлік ғарышкер қазақстандықтардың өтінішін орындады

Антон Шкаплеров. Сурет ©РИА Новости

Халы?аралы? ?арыш станциясында ж?рген ресейлік Антон Шкаплеров Астананы? ?арыштан к?рінісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық ғарыш станциясында жүрген ресейлік Антон Шкаплеров Астананың ғарыштан көрінісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желіде жазылған қазақстандықтардың көбі Астананы ғарыштан түсіруді сұрайтын. Міне ол Қазақстанның маржаны - керемет #Астана!", - деп жазыпты ол. 

Ол суретте Есіл өзені мен қала маңындағы көлшіктер де анық көрініп тұрғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Бұл суретте олар мұз құрсауынан енді ғана бусанып жатыр, өйткені сурет бірнеше апта бұрын жасалды. Қазір Астанаға көктем толық келгеніне сенімдімін, солай емес пе?" - деп жазыпты Шкаплеров.

Антон Шкаплеров - ресейлік ғарышкер. Ресей әуе күштерінде ұшқыш болған. Instagram желісіндегі парақшасында ХҒС-те түсірілген суреттерді жариялап тұрады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама