26 наурыз 2024 14:21

Ресей биыл Қазақстанда ЖЭО құрылысын бастауы мүмкін

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен салынғалы жатқан үш жаңа ЖЭО құрылысының басталу мерзімі белгілі болды. Бұл туралы үкімет брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Ресейдің қатысуымен салынғалы жатқан үш жаңа ЖЭО құрылысының басталу мерзімі белгілі болды. Бұл туралы үкімет брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, тараптар Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу электр станцияларының құрылыс жобалары бойынша ілгері жылжыған. Уәкілетті ұйымдар ретінде "Самұрық-Энерго" және ресейлік "ИНТЕР РАО Экспорт" анықталған.

"Көкшетау бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізіліп жатыр. Әңгіме құрылысты биыл бастау мүмкіндігі бар, айтарлықтай ілгерілеу туралы болып отыр. Басқа жобалар бойынша, ТЭН әзірлеу аяқталып жатыр, оның қорытындысы бойынша техникалық шешімдер, тиісті зауыттардағы жабдыққа тапсырыс және іске асырудың түпкілікті кестесі бекітіледі", - деді энергетика министрлігінің басшысы.

Реклама
Реклама

Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта Ресейде де жабдық жеткізушілеріне экспорттық несиелеуге байланысты жеңілдікті несиелер беруге қатысты мақұлдау жұмыстары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram