ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2024 | 14:50
Ресей бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
"Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды. Аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланған.
"Былтыр желтоқсанда ол Мәскеу аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды".
Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также