02 наурыз 2022 | 09:39

Ресей елшілігі өз азаматтарының Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысуы туралы істі бақылауға алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© Reuters

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған екі ресейлік азаматқа қатысты тергеу Нұр-Сұлтандағы Ресей елшілігінің бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған екі ресейлік азаматқа қатысты тергеу Нұр-Сұлтандағы Ресей елшілігінің бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін республикадағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова "Хабар 24" телеарнасында қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынғандар арасында 18 шетелдік, оның ішінде екі ресейлік бар екенін айтқан.

"Бүгін бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары Өскемендегі ҚАЖК мекемелерінде қамауда отырған екі Ресей азаматын қамауға алып, оларға Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздікке қатысу") бойынша айып тағып отыр", - деп хабарлады агенттік өкілі.

Реклама
Реклама

Баптың бұл бөлігінде үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Ведомствоның мәліметінше, бұл азаматтардың өтініштері Ресейдің Қазақстандағы консулдық мекемелеріне түспеген.

"Дегенмен, тергеу барысы бақылауда. Ресейдің Өскемендегі бас консулдығына тиісті тапсырмалар берілді", - деді дипломатиялық өкілдік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная