16 қаңтар 2021 | 09:49

Ресей Қазақстаннан әкелінетін қызанақ пен бұрыштың қаупі барын мәлімдеп, елге жеткізуге тыйым салды

Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш жеткізуге 18 қаңтардан бастап тыйым салынады. Россельхознадзор мәліметінше, өнімнен қауіп табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш жеткізуге 18 қаңтардан бастап тыйым салынады. Россельхознадзор мәліметінше, өнімнен қауіп табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

21 желтоқсанда ведомство ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің атына өнімде қызанақ жемісінің (тобамовирус) қоңыр вирус анықталғаны туралы нотификация жібергені хабарланды.

Реклама
Реклама

"28 желтоқсанда келіссөздер барысында Ресей ведомствосы қазақстандық тарапты қалыптасқан жағдай туралы қосымша хабардар етті және тергеу нәтижелері мен Ресейге қауіпті вирус жұқтырған өнімдерді жеткізуге жол бермеу үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат беруді сұрады. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан тарапынан ешқандай реакция болған жоқ.

Мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап Ресейге Қазақстан Республикасының Алматы және Ақтөбе облыстарынан қызанақ пен бұрыш жемістерін жеткізуге тыйым салады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная