Ресей педофил деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

видео кадры

ҚР Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінде 14 жасатағы баламен жыныстық қатынасқа түскен.

"Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама